Сарапшылар Президент Жолдауын талқылады
А.ж. 2 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау бойынша сараптамалық алаңы өтті. Дөңгелек үстелге ғалымдар, саяси партиялардың, кәсіподақ ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының басшылары жиналды.
Отырысты Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалының директоры Белла Газдиева жүргізді.