Аналар кеңесінің отырысы

А.ж. 30 маусымында «Қоғамдық Келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Шанай Ақмола облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысына қатысты. Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы − Жәкенқызы Гүлмира; Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, «ҚараШаңырақ» РҚБ басшысы Ахатай Баян Орынбасарқызы болды.
Достық үйінде өткен жиынның модераторы ретінде Нұғыманов Ермек Бекенұлы – Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы және қатысушыларретінде Ақмола облысы Аналар кеңестерінің төрайымдары және мүшелері, БАҚ өкілдері жиналды.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
Аналар кеңесінің төрайымы Жазиева А.С. Аналар кеңесінің жұмысы туралы баяндама жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңестерінің басты мақсаттары – еліміздің жастарын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, оларға ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтардың, этносаралық келісімнің маңыздылығын түсіндіру, отбасындағы толеранттылыққа тәрбиелеу болып табылады. Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары – отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау және дамыту. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлу. Қоғамда әйел мен баланың мәртебесін арттыру, отбасылық институт құндылықтарын арттыру маңызын түсіне отыра республикалық деңгейде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын ұйымдастыру ұсынылған болатын. Осы жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жылғы жұмыстар мен іс-шаралар туралы айтылды. Көкшетауда ұйымдастырылған «Асыл аналар», «Аналар үйі», «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар туралы аталған ұйымдардың төрайымдары таныстырып өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи аналар кеңестерінің жұмыс бағыттары мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Ассамблеяның алдында тұрған жаңа міндеттер тұрғысынан ҚХА Аналар кеңестерін одан әрі дамыту шаралары белгіленді.