Абайдың өлеңдерін әртүрлі тілдерде оқыды

Тілдер онкүндігі аясында «Қоғамдық келісім» КММ  «Ұлы даланың –ұлтаралық тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына ЖОО, колледж студенттері, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанттары, М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері қатысып, Абай Құнанбаевқа арналған кітап көрмесін ұсынды.

Көптеген жастар мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Сондықтан модератор Какпенова Динара мен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Койшин Марат, жақында жасалған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сілтеме жасай отырып, жастарды мемлекеттік тілді үйренуге шақырған кезде, өңірлік «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Вебер Владислав, өзбек этномәдени орталығының мүшесі Адашева Севара, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Прибылых Екатерина және басқалары әңгімені қазақ тілінде жалғастырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сөздерінен өз отандастарын халықтар тілдерін үйренуге шақырған және «бөтен тіл мен мәдениетті білу адамды осы халықпен тең қылады» деген ұлы Абайдың қара сөздері естіліп тұрды. Дөңгелек үстелге қатысушылар оның сөздерінен үлгі алып, түрлі тілдерде сөйледі.

Сәйкесінше жастар Абайдың өлеңдері мен әндерін армян, өзбек, неміс, орыс және қазақ тілдерінде орындады.