Болашақ дәрігерлермен кездесу

   А. ж. 17 мамырында “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Ермек Нұғыманов Көкшетау қаласының медициналық колледжінің студенттерімен кездесті.

   Достық үйінің басшысы өз сөзінде облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттары және “Қоғамдық келісім” КММ-нің қоғамдық келісім мен         Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету, ана тілін, аймақта тұратын этностардың мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

                                   

  “Ассамблея жастары” РҚБ   облыстық филиалының төрағасы Умар Шоназаров Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ.К. Тоқаевтың бастамасы бойынша құрылған ҚХАА жаңа жастар қозғалысы туралы, оның қызметінің бағыттары туралы айтып, оқушы жастарды оның қатарына қосылуға шақырды.

   Оның сөзін ҚХАА жастар ұйымының мүшесі, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Фатима Қайыш толықтырды.