Медиация кеңесінің отырысы өтті

Оның басшысы М. Н. Мырзаханованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар білім беру саласында медиацияны қолдану және еңбек дауларын шешу мәселелерін талқылады. Кәсіби және қоғамдық медиаторлар Б.К.Кушекова, С.И.Ильясова Ж.Д.Нұржанова және Р.К.Кахарманованың баяндамаларың тыңдады.

Оларды талқылау барысында пікір алмасты. Сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.А.Артеменко, Г.И.Яндиев, Ақмола облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.А.Нұрманова мектеп медиациясы бойынша әзірленген әдістемені қолдану, әлеуметтік желілерде медиация бойынша ақпараттық роликтер жасау және орналастыру туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Медиация кеңесінің отырысы нәтижелі өтті, Ақмола облысының өңірлерінде медиацияны ілгерілету бойынша негізгі стратегиялық міндеттер анықталды.