Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2008 жылы құрылды.

Төрағасы: Магламян Норик Ашотович. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: қоғамдық бірлестіктің қызметі қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыруға, армян этносының дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін дамытуға, нығайтуға және сақтауға бағытталған.

Ресурстық базасы: 6 жылдан астам уақыт бойы «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубында армян тілін оқыту сыныбы жұмыс істейді. Онда 5 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылар оқиды. «Қоғамдық келісім» КММ бірлестіктің кабинеті бар, Достық үйінен басқа бейресми орталық «Ани» мейрамханасы болып табылады. Жастар қанаты, «Эмрут» және «Аревнер» би ұжымдары белсенді жұмыс істейді.

Негізгі жобалары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша қайырымдылық қызмет. 13 жыл бойы іске асырылып келе жатқан  «Жақсылық сыйла»  жобасы.

Жетістіктері: ҚР Тұнғыш  Президентінің алғыс хаты (2015), Көкшетау қаласы әкімі Сапаровтың Алғыс хаты, ҚХА төрағасының орынбасары Е. Тоғжановтың алғыс хаты (2015),Ақмола облысы  әкімінің орынбасары Әкімовтың Құрмет Грамотасы (2007), «Нұр Отан» АОФ Ғ. М. Бекмағамбетовтың Алғыс хаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысқаны үшін диплом, А. Мысырәлімованың жыл тұлғасы сыйлығы, Көкшетау қаласының әкімі Е. Б. Маржықпаевтың құттықтауы (2018), ПД бастығы Б. С. Біләловтың алғыс хаты (2019), ҚР Тұнғыш  Президентінің Н.Назарбаевтың Алғыс хаты (2016), «ҚХА 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015), «Шапағат» медалі (2016), «ҚХА 25 жыл» медалі (2020) және қала мекемелерінен көптеген алғыс хаттар.

Байланыс ақпараты: 8-701- 885-38-86, 8-701-719-81-91, svetlana_yegikyan@mail.ru, Көкшетау қ., Боровской ы/а 59-А


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.