Бала асырап алған Джумабековтар отбасы

Құралай Жұмабекова көпбалалы отбасында өскен. Қазір ол өзі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы  ана. Олардың алтауы-өз балалары, бесеуі-асырап алынғандар. Төрт жыл бұрын ол марқұм күйеуі Рашидпен бірге Сандықтау балалар үйінен ағалы-әпкелі Татьяна мен Андрей Торковкиндер, Альбина мен Максим Паскаль және Виктория есімді қыз баланы тәрбиелеуге алды. Бүгінде өз балалары өсті, екі ұлы Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді, өз отбасылары бар. Асырап алған балалары да өсіп жетілді, қызы Татьяна тұрмысқа шықты, тағы екеуі оқып, жұмыс істейді, анасына қаржылай көмектеседі.

1 70 71 72 73 74 92