Осы бастамаларды қолдаймыз

Абуталипов Аслан

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы ерекше мағынаға ие және казіргі таңдағы Қазақстанның хал-ахуалын жан-жақты сипаттайды.

Осы Жолдау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпіліс беретіне ешбір күмәніміз жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында өте өткір және маңызды мәселелерге тоқталды. Ең бастысы короновирус індетіне қарсы іс-кимыл жөнінде нақты ұсыныстар мен тапсырмалар жасады.

Әсіресе, ол короновирус індетінен кейінгі посткризистік жағдайға байланысты туындаған проблемаға назар аудару. Бұл Жолдауда мемлекет қызмет саласын оңтайландыру ерекше орын алып атыр, соны реформалау қажет екенін баяндады. Жергілікті және мемлекеттік басқаруда өзгерістер енгізу ол мемлекеттік қызметтің жұмысын ашық және сапалы қылуға қадамдардың бірі. Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар арасында байланысты нығайту ол экономикалық драйверға айналуы тиісті.

Өз Жолдауында орын алған құқық қорғау, медицина, білім беру, кәсіпкерлік, әлеуметтік даму, орташа және шағын бизнес, ауылшаруашылық кешені, мемлекеттік қызметтін жаңа моделі мәселелері ол барлығы өзекті және дәл осы уақытта өз шешімін күткен еді. Бірнеше мемлекеттік құрылымдар қайтадан құру жайында Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы мемлекеттік басқаруды сапалы қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі. Бұндай өткір проблемаларды мойындап, бұларды шешу жолдарын іздестіру ол Мемлекеттік Басшысының саяси сауаттылығының және іскерлігінің белгісі.

Осы Жолдауда көптеген проблемалармен мәселелер қозғалып, нақты ұсыныстар жасалып отыр, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент ретінде еліміздің хал-ахуалын терең талдап және көлемді жұмыс жасағанына дәлел. Сондықтан, біз Қазақстан халқы осы бастамаларды қолдап, аянбай ету керекпіз, өйткені еліміздің тағдыры осындай қиын жағдайда біздің колымызда.

Абуталибов Аслан

Ақмола облысы бойынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы