XIII Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі

Астанадағы Radisson қонақ үйінде Қазақстанда тіркелген Елшілердің жұбайлары қауымдастығы (ASA) ұйымдастырған XIII Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде 41 елдің өкілдері ұлттық тағамдар, зергерлік бұйымдар, картиналар, кәдесыйлар, сыйлықтар ұсынды. Әрбір стенд белгілі бір елдің мәдени әртүрлілігін көрсетті.

Елшілердің жұбайлары қауымдастығы 35 қазақстандық қайырымдылық ұйымымен ынтымақтасады. Бұл ұйымдардың мүшелері – мүмкіндігі шектеулі жандар, көмекке мұқтаж отбасылар, ата-анасыз қалған балалар, қарттар үйлері. Негізінен бұл үкіметтік емес ұйымдар.

Бұл шараға «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров белсене қатысты.