Бүгін Алғыс айту күніне арналған республикалық телекөпір өтті

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. А. Әзілханов қатысушыларға құттықтау сөз арнады.
Өз сөзінде ол біздің азаматтарымыз елдің дамуына, берекелі қазақ жерінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып отырғанын және біріккен ұлт ретінде біз алға қойған мақсатқа – әділ қоғам құрып, мемлекеттілігімізді нығайтатынымызға күмән жоқ екенін атап өтті.
Телекөпір жұмысына облыстың ішкі саясат басқармасының, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.