«Весенняя фантазия» сабын жасау бойынша шеберлік сабағы

Достық үйінде шебер Виктория Полещук жетекшілігімен «Весенняя фантазия» сабын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Бұл іс-шараға №6 мектеп оқушылары мен ҚХАА сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының қолөнершілері қатысты. Суда еритін суреттер мен қалыптармен әдемі сабынның кешенді құйылуы көрсетіліп, қыздарымыз алдағы мерекеге арналған 3D гүлдер мен тақырыптық жазуларды құйды. Шеберлік сағатының ерекшелігі – сегіз тәріздес тамаша сабын мүсіні болды. Барлық қатысушылар өте риза болды және алдағы уақытта шеберлермен бұдан да қызықты кездесулер күтетінін айтты.