Отбасылық даулардағы медиация

Отбасы дегеніміз –  адамдар белгілі бір қатынастармен байланысқан қоғамның негізгі бірлігі. Ол үйлесімді тұлғаның қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Онсыз адам қоғамнан ажырап, жалғыз қалады. Әркім оны үйде жақын және сүйікті адамдары күтіп, қолдау көрсетіп, қажет кезде тірек болғанын қалайды. Бірақ, кез-келген отбасында даулар болады. Алдымызда отбасылық дауларды қалай жеңуге болады, оларды шешу жолдары қандай? – деген заңды сұрақ туындайды.

Осы ретте аталмыш мәселені кеңінен талқылау үшін  «Ашық әңгіме» айдары аясында «Отбасылық даулардағы медиация» тақырыбына арналған тікелей эфир ұйымдастырылды.

Тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарына кәсіби медиатор, заңгер А. К. Баимбетова жауап берді.

Эфир барысында медиатор отбасылық даулар мен жанжалдарды шешудің танымал тәсілі – ерлі-зайыптылардың ажырасуы және баланы тәрбиелеу, мүлікті бөлу және т. б. кезінде туындайтын келіспеушіліктерді шешу үшін қолданылатын тиімді құрал медиация екенін айтты.

Айман Қайыржанқызы медиация болашаққа бағытталған процесс ретінде отбасына одан әрі даму стратегиясын құруға, қабылданған шешім үшін жауапкершілік алуға, отбасының ішкі ресурстарына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тікелей эфирге 50-ден астам жазылушы қатысып,  өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.