7 Мамыр- Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 

Құрметті отандастар!

7 Мамыр — маңызды күн!

Бұл күн — елім, жерім деген, Отан үшін отқа да, суға да түсуге әзір рухы биік, ділі мықты жандардың мерекесі.

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің әрқайсыңыз – Отанымыздың, өз отбасыларыңыздың, өз ошақтарыңыздың қорғаушысыздар! Сіздерге осы құрметті міндет жүктелген.

Бұл мереке – біздің батыр бабаларымыз бен қазіргі ұрпақтың Отанына қызмет етудің даңқты дәстүрлерінің өзара терең байланысын білдіреді.

Отан үшін сіңірген елеулі еңбектеріңіз еселі жемісін берсін! Ел — аман, жұрт — тыныш, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз түгел болсын! Мереке құтты болсын!