Достық үйінің алаңында Масленица кең көлемде атап өтілді

Бүгін біздің қаламызда Достық үйінің алаңында Масленица кең көлемде атап өтілді. Көктем мезгілінде шуақты жылы ауа-райы бүгінгі мерекеге қолайлы болды.
Масленица-ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін сақталған көптеген әдет-ғұрыптары бар ежелгі славян мерекесі. Ораза алдында бір апта бойы атап өтіледі.
Масленица қыс мезгілімен қоштасып, көктеммен кездесуін, ұзақ қысқы ұйқыдан кейін табиғаттың оянуын білдіреді.
Жарқын мерекені «Орыс қауымдастығы, чуваш этномәдени орталығы және Ақмола облысының ОСКҚ бірлестіктері Ақмола ҚХА-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама алуан түрлі шаралардан құралды: көздің жауын алатын костюмдердегі әртістер ән шырқады, жастар спорт алаңдарында күш пен ептілігін көрсетіп жарысты, балалар Қыс мүсінінің айналасында дөңгелек би өткізді, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі және мерекелік сауда ұйымдастырылды.