Қазақстан – ортақ үйге айналған қасиетті мекен

Тарихты есте сақтау туралы айта отырып, Шыңғыс Айтматов: «Өткенді еске алмаған, осы дүниеде өз орнын қайта анықтау қажеттілігіне тап болған, өз халқының және басқа халықтардың тарихи тәжірибесінен айырылған адам тарихи перспективадан тыс қалады және тек бүгінгі күнмен өмір сүре алады» – деген екен.
1944 жылы 23 ақпанының суық таңында, КСРО Қызыл Армиясы вайнахтар Орта Азия мен Қазақстанға қоныс аудару жоспарын жүзеге асыра бастады.
Бүгін Достық үйінде ингуштар мен шешендердің тарихи отанынан қасиетті қазақ жеріне келгеніне 80 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамының төрағасы, ҚХА мүшесі Яндиев Герихан Ибрагимович және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Точиев Гирихан сөз сөйлегенде қайғылы күндер туралы айта отыра, сол қатал жылдардағы қолдауы үшін қазақ халқына шын жүректен алғыстарын білдірді.
Жиналғандарға облыстың ішкі саясат басқармасының орынбасары Ж. Қылышбаев сөз арнады.
Іс-шарада сол қайғылы оқиғалар туралы тарихи фактілермен бөліскен ғалымдар да сөз сөйледі.
Бүгінгі таңда өңірдің диаспорасы біздің облысымыздың дамуына үлкен үлес қосуда және ортақ тағдыр мен тарих біріктірген түрлі этностардың өкілдерімен қолтықтаса қазақстандық достықтың берік іргетасын қалады.