Польша Республикасы Елшісінің сапары

А.ж. 22 қазан күні Көкшетау қаласына ресми емес сапармен Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич келді.

Сапар аясында Елші  «Қоғамдық келісім» КММ болып, облыстық Достық үйінің, өздерінің ана тілін, аймақта тұратын этностардың мәдениетін дамыту бойынша этномәдени бірлестіктердің қызметімен кеңінен танысты. «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ кабинетінде ол поляк диаспорасымен кездесіп, жиналғандарға пандемия кезінде Польша Республикасының Қазақстандағы отандастарына гуманитарлық көмек көрсетуі, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың дамуы туралы айтып, өз тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді.