Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Түрлі этностар мен жас топтары өкілдерінің қатысуымен этносаралық, мәдени және өзге де өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ этносаралық шиеленіс пен жанжалдың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 14 желтоқсаны күні ақпараттық-түсіндіру тобы Атбасар өңіріне аттанды.

«Атбасар қаласының аграрлық-индустриалды колледжі» МКҚК базасында 1 және 3 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге «Қоғамдық келісім» КММ қызметі, жанжалдарды/дауларды шешудің өркениетті жолы ретіндегі медиация , ҚХАА-ның ғылыми-сараптамалық тобының қызметі туралы дәріс оқылды, этникалық араздық тудырғаны үшін жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді және де қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.