@qolqanat_aqmola әлеуметтік жобасының салтанатты тұсаукесері…

«Қайырымдылық керуені» ҚХА республикалық аясында «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету акциясы «Достық үйінде» Әйелдер күші Альянсының бастамасымен «Qolqanat» @qolqanat_aqmola әлеуметтік жобасының салтанатты тұсаукесері және «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Жоба Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің, «Amanat» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты «Инклюзивті қоғамды дамытуға жәрдемдесу» мен Әйелдер күші Альянсының қоғамда балалар мен әйелдер құқығы мен мүдделерін қорғау бағытында Іскер әйелдер қауымдастығы қолдауымен жүзеге асты.
Шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі, дарынды балалар қолөнер көрмесі, қайырымдылық концерті мен «Қайырымдылық керуені» салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Сатылымдағы билеттер мен жәрмеңкеден түскен қаражат 4-арнайы мектеп-интернатының оқушысы Амиржанов Алиаскардың емделуіне жұмсалатын болды.