«Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы диктант

Еліміз бойынша Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 4 мамыры «Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу уақыты болып белгіленген.

Шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігімен мен егемендігін дәріптеу. Ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

Бүгін Достық үйінде жиналған мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушылары, «Мәміле» сөйлеу клубының, этномәдени бірлестіктің мүшелері және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді түрде қатысып, мемлекеттік тілде диктант жазып шықты.