Кәріс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы сайланды

«Чинсон» кәріс мәдени орталығының активінің отырысында жаңа төрайым сайланды.

Лян Ольга Мироновна 53 жаста, үш баланың анасы, білімі жоғары, Қарағанды ​​кооперативтік институтын бітірген. 2016 жылдан бастап этно-мәдени бірлестіктің қызметіне белсене араласып келеді.

Оған Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайтуға, өз этносының мәдениеті мен дәстүрін дамытуға бағытталған қоғамдық қызметінде толағай табыстар тілейміз!

Ізгі ниетпен, Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы