ZOOM платформасында республикалық әдістемелік кеңестің отырысы өтті

21 ақпанда ZOOM платформасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен республикалық әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Аталған шараға онлайн форматында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу тәсілдерін жандандыру, ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, этномедиацианы дамыту, «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің қызметін қайта форматтау мәселелері талқыланды.