Қазақстан – тең мүмкіндіктер елі!

2014 жылы Көкшетау қаласында Достық үйі ашылды, оның жанында «Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебі жұмыс жасайды. Түрлі ұлт өкілдерінің балалары, өздерінің туған тілі, салт-дәстүрлерімен бір қатарда, көпұлтты республикамызда тұрып жатқан өзге де ұлттардың ерекшеліктерімен таныса алады. Достық үйінде қазіргі күні тоғыз тілді меңгеруге мүмкіндік бар. Дәстүрлі сабақтардан бөлек, сынып сағаттары, ашық сабақтар, мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оларға этномәдени бірлестіктер өкілдері, балалардың ата-аналары шақырылады. Осындай күндері қонақжай Достық үйінің қабырғасында  түрлі тілдерде өлеңдер мен әндер, халықтық билер орындалады. Әрбір оқушы өзін Қазақстан халқы аталатын – бір отбасының мүшесі ретінде сезінеді.

Мен инғұш тілінен сабақ бере отырып, өзім білетін барша білімді өз шәкірттеріме толық жеткізуге тырысамын. Біздер вайнахтардың мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеп, өз ұлтымыздың салттарын сақтаймыз. Сабақтарға 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жастар келеді. Айта кетерлігі, қазіргі кезде әрбір инғұш отбасында өз туған тілдерінде сөйлей бермейді, бірақ оны меңгере бастау ешқашан кеш емес. Тек осылай ғана біз өз мәдениетіміз мен ерекшелігімізді сақтап қала аламыз.

Толығырақ

Ақмола облысында және Көкшетау қ. Достық үйлері жанында «Aibyn» әскери-патриоттық клубтары ашылады!

Болашақ отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі өз қолына алды, әрі облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, полиция департаменті, облыстық қорғаныс істері департаменті, Көкшетау қ. жалпы білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық оқытушылары өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өткізді.

Толығырақ

«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің «Русская песня» халықтық ансамблі көкшетаулық музыкант Руслан Богдановқа қoлдау көрсетуге арналған қайырымдылық концерт берді!

Өткен сенбі күні орын алған Көкшетау қаласының «Истоки» Мәдениет үйіндегі «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің «Русская песня» халықтық ансамблінің қайырымдылық концертіне көптеген көрермен жиналды.

Іс-шарадан жиналған барлық қаражат, қазіргі таңда ауыр науқаспен күресіп жатқан белгілі көкшетаулық жас музыкант, сазгер, аранжировщик, ән орындаушы Руслан Богдановтың емделуіне берілді.

Толығырақ

Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ленинград блокадасының бұзылуына 75 жыл – Қазақстан тарихындағы ерекше күн» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен дүйсенбі орын алған дөңгелек үстелге жастар қауымы, ауған соғысының ардагерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ресей, СҚО келген қонақтар, ақмола өңірінің тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны Максим Крамаренко төрағалық ететін «Лад» республикалық славян қозғалысы» ҚБ ұйымдастырды.

Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласындағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев, Қазақстандағы Ресей Елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко қатысты.

Толығырақ

1 84 85 86 87 88 92