Аналар кеңесі әрекет етуде

Көкшетау қаласының қалалық Аналар кеңесіне мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары өз мәселелерін шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Сондықтан кеңестің кезекті отырысы осы тақырыпты талқылауға арналды.

Толығырақ

Дөңгелек үстелде талқыланды

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нариман Әбдірахманов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.

Толығырақ

Жоғары техникалық колледж студенттерімен кездесу

А.ж. 7 сәуірінде «ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

 

Облыстық Достық үйінің мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Асель Сванкулова облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттары және «Қоғамдық келісім» КММ жұмысы жөнінде баяндама жасады. Достық үйі бүгінде ресурстық орталық ретінде этномәдени бірлестіктерге өз этносының ана тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау және дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуде әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді.

Толығырақ

Мемлекеттік тілді білуге арналған байқау

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған қашақтықтан өткізілген «Қазақшаныз қалай?» облыстық байқауының қорытындылары жасалды.

Байқау облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола облыстық филиалы қоғамдық ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылды.

Толығырақ

Гуманитарлық-техникалық академия студенттерімен кездесу

  Гуманитарлық-техникалық академия студенттерімен кездесу   А.ж. 5 сәуірде "ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ" жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы (ҚХАА) мүшелерінің, "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерінің гуманитарлық-техникалық академия студенттерімен кезекті кездесуі өтті. Мұндай іс – шаралардың мақсаты-жастарды облыстық Ассамблеяның және "Қоғамдық келісім" КММ-нің өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметімен таныстыру. Академия студенттері Достық үйінде экскурсиямен болды, этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралады, ЭМБ жекелеген басшыларымен әңгімелесті. Алдымен жас тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнефильм көрсетілді, содан кейін Достық үйі басшысының орынбасары Раисов Айдын облыстық ассамблея, Достық үйі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Балалар "Санги Кабуд" тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Шоназаров Омардың сөзін мұқият тыңдады, ол жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерімен белсенді айналысады және жастарды спортпен шұғылдануға шақырды. "Новопэк" ЖШС басшыларының бірі ретінде ол кәсіпорында 300-ден астам жас жігітті жұмысқа орналастырып, оларды жатақханадағы бөлмелермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар ол футбол ойнайтын жұмысшы жастар арасында ҚХАА спорттық қозғалысын ұйымдастырушысы болып табылады. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Қайыш Фатима ҚХА төрағасы, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың инициативасы бойынша құрылған "Ассамблея жастары," ҚХА жаңа жастар қозғалысы туралы айтып, оның қызметінің негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды. Тыңдаушылар қонақтарға ҚХАА қызметін ақпараттық сүйемелдеуге, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты сұрақтар қойды.              

Толығырақ

1 49 50 51 52 53 92