Достық үйіне саяхат

2023 жылдың 27 қантарында «Әртүрліліктегі бірлік» жобасын жүзеге асыру аясында облыстық Достық үйіне Көкшетау қаласының № 5 “Таңдау” мектеп-гимназиясының оқушылары келді. Олар үшін этномәдени бірлестіктердің кабинеттері бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың тұрмысымен, мәдениетімен және әдет-ғұрыптарымен танысты.

Экскурсия барысында тыңдаушылар корей тілін оқытуға үлкен қызығушылық танытты, ААНК қоғамдық бірлестіктерінің жұмыс кестесіне қызығушылық танытты.