Ақпараттық-түсіндіру тобы Шортанды ауданында

Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Шортанды ауданында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ұжымымен және аудан жастарымен екі кездесу өткізді.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова қатысушыларды мекеменің этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимылы және «жобалық кеңсе» ретінде қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге шақыру, ксенофобия және т.б. деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, жастарды осындай арандатушылықтардан сақ болуға шақырды.
Бөлім басшысы Ә.Б.Сванкулова мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуы туралы айтып, жастарды қазақстандық бірегейлікті, отансүйгіштікті қалыптастыруға және мемлекеттік тілді игерудегі талпыныстарын күшейтуге шақырды.
Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Г.С.Мәдиева этносаралық саладағы медиацияны дамыту, Достық үйіндегі медиация кабинеттерін этносаралық саладағы медиация орталықтарына айналдыру туралы айтып берді.