Елдің бақыты мен бейбітшілігі мейірімді аналардың қолында!

15 мамырдың көктемгі ашық таңында Достық үйі қонақтарды қарсы алды. Айналаның бәрі мейірімді көздерден, күлкіден, жарқын жүздерден жарқырап тұрғандай болды. Бүгін Ақмола өңірінің ең белсенді әйел кісілері және Көкшетау қаласының оқу орындарындағы қыздар клубының өкілдері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің облыстық форумына жиналды.

Форумға Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев назар салды. Ол құттықтау сөз сөйлеп, форум қатысушыларына өңіріміздің дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хаттар табыстады. Марапатталғандар арасында Аналар кеңесінің төрайымдары, жұртшылық өкілдері болды. Сондай-ақ Халықаралық отбасы күніне орай, елу жылдан астам бірге болған Қайыржановтар жұбына астау тарту етілді.

Іс-шараның модераторы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мысырәлімова.

Жақсы істердің тазалығын бейнелейтін ақ орамал киген әйелдер баяндамашыларды мұқият тыңдады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің жұмысы туралы оның теңдессіз басшысы З. Қиықова айтып берді. Оның айтқан сөздеріне ду қол шапалақ соғылып тұрды.

Форумда өте көп қызықты ақпар айтылды. Бұл жерде тек жұмыс қорытындылары ғана емес, тәлім-тәрбие, отбасы рөлі, Аналар кеңесінің маңызы мен мүмкіндіктері жайында айтылды. Әрбір қатысқан мейман өз жұмысына қажет жаңа бір нәрсені алды деуге болады.

Іс-шараның қатысушыларына облыстық және аудандық аналар кеңесі, «Нұрай» балабақшасы, ҚХАА жанындағы СҚӨ шеберлерінің одағы, «Палитра Синегорья» ҚБ дайындаған көрме қызықты көрінді.

Аналар кеңесінің облыстық форум жұмысының нәтижесі болып қоғамдық бірлік, рухани келісім идеяларын қолдауға, еліміздің гүлденуі жолында бірігуге шақырған Ақмола облысының тұрғындарына үндеуі шықты.