Футбол мықтылардың ойыны

2019 жылғы 15 маусымда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығы, Ақмола облысының орыс қауымы,  «Бари» армян мәдени орталығы, Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы және чуваш этномәдени орталықтарымен бірге ЦЕСНАБАНК-тің футбол алаңында жұмыс істейтін жастар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Кубогына арналған шағын футболдан үшінші мәрте дәстүрлі турнир өткізді.

Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жұмысшы жастардың демалысын ұйымдастыру.

Командалар арасындағы ойын тәртібі жеребе тастау арқылы айқындалды. Футболшыларды да, көрермендерді де барлығы 6 ойын күтті.

Турнирге қатысушылар алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева құттықтау сөз сөйлеп, осы шағын футболдан өтіп жатқан турнирдің негізі салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әр түрлі ұлт жастары арасында үйлесімді қарым-қатынастарды дамыту екенін атап өтті. Шоназаров У. Ф., Мащинская Е. И., Погребицкий В. В., Артеменко А. А. өз кезегінде спорттық сайыстың қатысушыларына жеңіс пен табыс тіледі. Төрешінің ысқырығы шалынғаннан кейін барлық қатысушының делебесі қозып,аталмыш турнирде жеңіске жетуге деген құлшыныс пайда.

Спорттық турнирге 4 команда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының командасы, «Регион» ФК, ПД және КТИ командалары қатысты.

Матч бойы Ақмола облыстық ассмаблеясының командасы сенімді ойын көрсетіп, барлық кездесуде жеңімпаз болды. Бірінші орын және тиісті кубок Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы командасының еншісінде! Екінші және үшінші орын иегерлері «Регион» ФК және КТИ командасы болды. Олар диплом және медальдармен марапатталды.