“Бірлік” жастар лагеріне сапар

Ү.ж. 12-13 қараша аралығында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының шақыруымен “Қоғамдық келісім” КММ делегациясы мен Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Ақтау қаласындағы “Бірлік” республикалық лагерінде болды.

Экскурсия барысында өңірлерден келген  делегациялар Маңғыстау облысының киелі жерлерімен танысты. Қатысушылар сопылық бағыттың ұлы философы  Шопан ата, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті жерленген мешітке, сондай-ақ үлкен бор каньондарымен әйгілі Бозжыра шатқалына барды.

 

Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар жобаларын іске асыру бойынша пікірталастар мен пікір алмасулар өтті.