Виртуалды экскурсия
А.ж. жылдың 25-31 мамыр аралығында «Қоғамдық келісім» КММ Целиноград ауданының мемориалдық кешенінің қолдауымен оқушы және жұмысшы жастар үшін «Алжир» мұражайы бойынша виртуалды экскурсия өткізеді.
Аталмыш экскурсияның алғашқы келушілері Көкшетау қ. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты Оқу орталығының курсанттары болып, «Алжир» лагері тұтқындарының қайғылы тарихымен танысты.
Экскурсия барысында курсанттар алдында Ақмола облысының поляктары бірлестігінің құрметті мүшесі П. С. Трищ сөз сөйлеп, поляктарды депортациялау тарихы, өзінің өмірі мен еңбек жолы, Қазақстанда тұратын түрлі этностардың достығы туралы айтып, соңында қазақ халқына арналған өзінің өлеңдерін оқыды.
Курсанттар ұйымдастырушыларға және құрметті қонаққа отандық тарихтың ең күрделі және қайғылы беттерінің бірі – халықтардың Қазақстанға қуғын-сүргіні мен жер аударылуы туралы мазмұнды, қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдірді.
Келесі күні 26 мамырда Достық үйінде виртуалды эксрурсия барысында Ақан сері атындағы мәдениет колледжі студенттерінің Ақмола облысы поляктар қоғамының төрайымы Н.М. Нагачевскаямен кездесті. Іс-шараларға жалпы саны 40 адам қатысты.