Достық үйіне саяхат
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары “Бірлік әртүрлілікте” тақырыбына шолу экскурсиясымен “Қоғамдық келісім” КММ-де болды.
Мұнда олар облыстық Достық үйінің этносаралық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктермен және ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметімен танысты.
Курсанттар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне, хореографиялық, көрермендер және конференц-залдарға барды, онда конференциялар, дөңгелек үстелдер, репетициялар, ҚХАА мүшелерінің, ЭКО көркемдік ұжымдарының қатысуымен концерттер өтеді.
Тыңдаушылар алдында ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының аға оқытушысы Е. В. Максименко ұлтаралық келісімді қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы дәріс оқыды.