«Моншақ-галстук»

«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы сәндік-қолданбалы өнер одағының мүшелері үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Өз қызметін танымал ету мақсатында олар жұмыс тәжірибесімен алмасып, өз жұмыс дағдыларын әріптестеріне, қолөнер шеберлерінің сабақтарын үлкен қызығушылықпен қабылдайтын жастарға үйретеді.

Жақында «Қоғамдық келісім» КММ-де СҚӨ шеберлерінің Одағы қолөнер бойынша кезекті шеберлік-сабағын өткізді. Қолөнер шебері Алтын Сүлейменованың басшылығымен оқушылар мен ересектер атласты ленталардан жасалған және арнайы әшекеймен безендірілген «Моншақ-галстук»  жасады. Мұндай моншақ әрбір әйел адамның гардеробын сәнді ете алады.