Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы бүгін де жалғасады. Қоғамдық консолидация және жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту жайына басымдық берілмек. Құрылтай отырысындағы мәлімдемелер кейін арнайы іс-қимыл жоспарына енеді.
Кеше Құрылтай мүшелерінің қатысуымен 4 түрлі секцияның мәслихаты ұйымдастырылған еді. Жиындарда «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» сияқты бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланды.