Қыздар клубы өз жұмысын таныстырды
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде “Қоғамдық келісім” КММ-де Целиноград ауданының қыздар клубтарының тұсаукесері өтті. Әр клубта 16 бала оқиды. Қыздар Мәншүк, Қоянды және Қызылсаут ауылдарының мектеп оқушылары.
Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зәуре Какабаеваның басшылығымен жас қыздарды ұлттық дәстүрлер негізінде қамқор жұбай, ақылды ана, болашақ ошақ сақтаушысы болуға үйретеді.
Клубтар алты жылдан астам уақыт жұмыс істейді, қыздарға тәжірибелі педагогтар, мәдениет қызметкерлері, көп балалы аналар өз кеңестерін береді. Болашақ аналарға би, ән, сәндік-қолданбалы өнер үйретіледі.
Олар Достық Үйінің фойесінде сәндік-қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында қыздар клубтарының басшыларымен және балалармен танысу өтті. Қонақтарды “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева қарсы алды.
Оқушылар Достық үйіне саяхат жасап, этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, аймақта тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты.
Содан кейін мәжіліс залында әр клуб өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Әңгімелер слайд көрсетумен, ұлттық салт-дәстүрлерді театрландырумен, қазақ әндері мен билерін орындаумен сүйемелденді. Сонымен қатар, жас қыздар өздерінің актерлік шеберліктерін, вокалдық қабілеттерін керемет көрсетті. Зал жас әртістердің өнер көрсетулеріне қошемет көрсетті. Олардың жұмыстары “Қоғамдық келісім” КММ атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Күннің екінші жартысында қонақтар эксурсиямен облыстық өлкетану мұражайына, №17 мектеп-гимназиясының “Мәншүк” қыздар клубына барып, қаланың көрікті жерлерімен танысты.