Аналар кеңесі екі жобаны іске қосты
Ағымдағы жылдың 2 ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылау барысында кеңес мүшелері отбасылық құндылықтарды тәрбиелеумен, отбасы институтын нығайтумен айналысатын жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы қыздар клубын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізді.
Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты қалалық кеңес “мәдени Астана Көкшетау-балалар көзімен” және “Ертегіде қонақта”атты екі жобаны іске қосты. Жобаларды іске асыру аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға туристік экскурсиялар ұйымдастыруды, түрлі этностардың балаларына арналған ертегілерді ютуб-арнада ана тілінде таратуды көздейді. Осы мақсатта қалалық Аналар кеңесіне Достық үйінде компьютерлік техникамен жабдықталған кабинет бөлінді.