Медиацияны дамыту туралы әңгіме

Ағымдағы жылдың 8 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ұйымдастыруымен «Қазақстанда медиацияны дамыту» тақырыбындағы конференция өтті. Оған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының орынбасарлары, психологтар, кәсіби медиаторлар, судьялар корпусы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жылдары Қазақстанда медиация даулар мен жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу құралы ретінде өміріміздің барлық салаларында практикалық қолдануды табуда. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамға жанжалды талқылау барысында тараптарға оң шешім табуға көмектесетін кәсіби медиаторлар қажет. Медиация институтын енгізу көптеген азаматтық дауларды шешу кезінде судьялардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысушылар медиаторларды даярлау, олардың мәртебесін көтеру, қызметін жетілдіру туралы айтты. Ұйымдастырушылар дәстүрлі баяндамалардан бас тартып, кездесуді диалог форматында өткізді. Кездесу барысында тараптар мектеп медиациясын, этномедиацияны дамыту туралы мазмұнды пікірлерін білдіріп, медиация институтын дамыту жөнінде ұсыныстарын енгізді.