Мемарондумға қол қойылды
22 шілде күні Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ мен «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» МКМ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның басты мақсаты жастар қоғамдық бірлестіктерін, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын дамыту, азаматтық, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған жастардың бастамаларын қолдау, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеу болып табылады.
Меморандумға қол қою рәсіміне «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Раисов А. М. және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Есекеева М. М. қатысты.