Аналар кеңесінің қатысуымен «Мектепке дайындық» тақырыбында іс-шара өтті.
19 тамыз күні «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Сенімен болашақ» ҚБ және Ақмола Ассамблеясы Аналар кеңесінің қатысуымен «Мектепке дайындық» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты –мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуіне және білім берудің бір сатысынан келесі сатысына жайлы өту үшін жағдай жасау. «Мектепке дайындық» бағдарламасының міндеті балаларды мектепке оқуға дайындауда физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, балардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ата-аналармен өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру, оларды отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын және баланы түсіне білуге бағыттау.