Степногорсктағы «Анаға тағзым» атты дөңгелек үстелі

Аналар күні мерекесіне орай Степногорск қаласының Аналар кеңесінің төрайымы Есжанова Фарида Буташевна «Анаға тағзым» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шараға «Достық және шығармашылық үйінің» бөлім меңгерушісі, Аналар кенесінің мүшесі Қоржынбаева Анар өз үлесін қосып, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты.
Дөңгелек үстелге көп балалы аналар, ақ жаулықты әжелер және олардың немерелері қатысты. Олар көп жылы сөздер айтып, ана-әжелерін Аналар күнімен құттықтады. «Ана-ең жақсы дос! Өмірде қиындықтар туған кезде, әрқашан бізге көмекке келеді, егер біз ауырып қалсақ, анамыз жанымызда болады» – деп немерелер, аналарға арналған өлең айтып, би биледі. Аналар мен әжелер де өздерінің өнерлерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар отбасында бір-бірін құрметтеуге, жас ұрпақты кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелейді.