Құрметке лайық – Анаға тағзым!
А.ж. 3 наурыз күні Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің ингуш тілі сыныбымен, тілдік сыныптар оқушылары мен педагог мамандарының қатысуымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ашық сабақ-концерт өткізілді.
Шараны инғұш тілінің оқытушысы Тамара Дударкиева ашты. Ол барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен қазақ, орыс және ана тілдерінде құттықтады
Сабақ-концерт өте мазмұнды болды, жас әртістердің орындауындағы әндер аналарға арналған өлеңдермен алмастырылды. Көрермендер бастан кешкен эмоциялар шынайы болды, залда отырған бір әйел алынған әсерден көзіне жас алды. Ал би тобының орындауында лезгинканың ырғақтары залды ән ырғағына қосылып қол шапалақтауға мәжбүр етті.
Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиевтің құттықтауы ерекше болды. Ол өз этносының тарихи сәттерін еске ала отырып, әйел, ана рөліне ерекше көңіл бөлді. Жер аударудың қайғылы сәттері туралы айта келе, Герихан Ибрагимович, дәл осы әйелдер халықтың рухын, оның салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын, қасиеттін сақтай отырып, оларды тағдырдың жазуымен туған жерлерінен алыста қалған өз балаларына сіңіре білгендігін атап өтті.
Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының алғыс хаттарымен балалары ҚХАА-ның іс-шараларына белсенді қатысатын аналар марапатталды, ал жас әртістердің өздері дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, көрермен әйелдер де назардан тыс қалған жоқ: олардың әрбірі өздерімен бірге керемет көңіл-күй ғана емес, 8 Наурыз мерекесінің негізгі нышаны саналатын әсем гүлдер ала кетті.