«Қошеметке лайық, біртуар тұлға!»

24 ақпанның аязды таңы. Ал Достық үйінде құлаққа жағымды Фредерик Шопен музыкасының дыбыстары естілуде. Бүгін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің поляк тілі сыныбы ұлы сазгердің өмірі мен шығармашылығына арналған ашық сабаққа оқушылар мен педагогтарды шақырды.

Сыныпта барлығы Шопен туралы еске салады, тақтада – шебер шығармаларының жанрларының атаулары, үстелде – жарық шам, қалам және қағаз. Жиналғандардың барлығы шығармашылық атмосфераға бөленгендей әсерде.

Сабақ Шопеннің өмірі туралы фильмді көруден басталады. Іс-шараның форматы қарапайым емес, бұл әдеби-музыкалық коктейль, және поляк сыныбының оқушылары, өздерінің  оқытушылары  Наталья Георгиевна Крупельницкаяның  басшылығымен жақсы  тырысқандары анық байқалады.

Іс-шараға қатысушылар сазгердің өмірбаяны туралы, оның отбасының тарихынан бастап, дүниеден өтердегі өсиетіне дейін, оған сәйкес Шопеннің жүрегі мәңгілікке Польшаға тиесілі, екендігін білді. Оқушылар ұлы музыканттың шығармашылығы туралы әңгімеледі, поляк және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды.

Сабақ Шопеннің «Көктемгі вальс» лирикалық әуенімен аяқталды, және бұл ұлы шебер өнерінің бір қыры ғана. Оның өнері әрқилы: жалынды мазурка және нәзік вальс, лирикалық баллада және толық ырғақты марш.

Өскелең ұрпақ өз ата-бабаларының тарихын ғана емес, мәдениетін де жақсы  білетіндері қуантады, бұл ұлы музыкалық және әдеби мұра ұмытылмайтынын білдіреді.