Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы кеңесінің отырысы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында “Қоғамдық келісім” КММ облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е.Б.Маржықпаевтың қатысуымен ҚХАА кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес барысында ҚХАА төрағасының екі жаңа орынбасары болып – облыс әкімінің орынбасары А. Е. Мысырəлімова және “Санги Кабуд” тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У.Ф. Шоназаров сайланды.
Кеңесте сөз сөйлеген ҚХАА мүшесі “Қазақ тілі мен мәдениеті” ҚБ төрағасы Қиықов М. Қ, Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Қапышев А. Қ., “Рухани жаңғыру” бағдарламасының менеджері Ли М. Б., “Ел жастары” эксперименттік жастар театрының арт-директоры Х. Хасамбай жəне басқалар ҚР Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, өзі құрған азаматтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының демократияны дамытудағы, Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.
Облыс әкімі Е.Б. Маржықпаев өз сөзінде Елбасы, оның ізбасары ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың бағытының және ақмолалықтардың қолдауының арқасында облыста қалалар мен аудандардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бойынша үлкен, мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Кеңеске қатысушылар облыс тұрғындарына Үндеу қабылдап, оларды Қазақстанның дамуы мен азаматтардың əл-ауқатының кепілі болып табылатын, қоғамдық келісім мен халықтың мызғымас бірлігін сақтауға шақырды. Отырыс облыс әкімінің облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелеріне “ҚХА 25 жыл” және “Халық алғысы” мерейтойлық медальдарын табыстауымен аяқталды.