«Қасиетті шоқыну мерекесінде» түрлі ұлт өкілдерінен құралған 8 мыңнан астам көкшетаулық Қопа көлінде суға сүңгіді!
Жыл сайынғы іс-шараны «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі ҚХАА-ның, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауларымен, қалалық әкімдік және Ақмола облысының православ епархиясымен бірлесе ұйымдастырады.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күнінің кешкі мезгілінде Көкшетау және Ақмола облысы епархиясының епископы Серапион «крестный ход» суға сүңгитін орнының салтанатты тазалау рәсімін өткізіп, одан кейін қала тұрғындары мен қонақтары қасиетті суға сүңгуге мүмкіндік алды.
«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменконың айтуынша, бұл күн дәстүрлі жалпықалалық мерекеге айналған, оған православтармен бір қатарда басқа да ұлт өкілдері белсенді қатысатын болған.
Қалалық жағалауға жиналғандардың арасында өз бақтарын алғаш сынағалы келген жастар қауымы көп болды. Барлық қалаған жандар үшін ыстық шай ұйымдастырылды.
«Ақмола облысының орыс қауымы» осы іс-шараны өткізіп келе жатқан алты жыл ішінде, біздер жергілікті төтенше жағдай құтқарушыларымен, құтқару істеріне және тәулік бойы кезекшілік етуге даяр жедел жәрдем қызметінің медицина мамандарымен дос болып кеттік. Қуанышқа орай, осы аралық бойы медициналық көмек көрсетуді талап ететін бірде-бір жағдай орын алған жоқ. Егер адам өзін күнәлі ойлардан тазарту үшін салқын суға шомылуға кіруге шешім қабылдаса, оның бойында ішімдік ішу, есірткі қолдану сынды зиынды әдеттерден арылуға да күш пен жігер табылады. «Қасиетті шоқыну мерекесін» ұйымдастыру ісіне қолдау көрсеткені үшін Ермек Маржықбаев бастаған Көкшетау қаласының әкімдігіне зор алғыс білдіргім келеді», – деп өз ойымен бөлісті Александр Александрович.
Осы арада әңгімеге мерекелік шараға Солтүстік Қазақстан облысының Қарағаш ауылынан отбасымен арнайы келген Елена Калицкая қосылды. Оның айтуынша, адам бұл күні өзінің барлық күнәларын жуып, жаны мен тәнін тазартып, Құдайдың рақымына ие болады.
Дәл осы күні Көкшетау қ. Михаил-Архангель кафедралды соборында салтанатты мерекелік қызмет орын алып, 18 мен 20 қаңтар аралығында үш күн бойы барлық қалаушылар ғибадатханадан қасиетті су толтырып алу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетсек, өткен жылы көкшетаулық көлде 5250 астам адам суға сүңгіген болатын.
Дәстүрге сенсек бұл түні барлық жердегі сулар емдік қасиетке ие болатын көрінеді.