Қоғамдық келісім жаңалықтары
7 сәуір күні «Қоғамдық келісім» КММ мекемесінде Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты оқу орталығының курсанттарына арналған экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қонақтарға мекеме қызметі мен ғимараттағы этномәдени бірлестіктердің этникалық стильде безендірілген, әр этностың мәдениеті мен дәстүрін көрсететін кабинеттері, 120 орындық салтанат және конференц залдары таныстырылды. Достық үйінде түрлі этнос өкілдерінің ана тілдерін оқыту үшін, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар білім алатын «Шаңырақ» клубы құрылғандығы туралы баяндалып, қазіргі кезде оқыту 8 тілде – қазақ, орыс, неміс, татар, поляк, чуваш, корей және армян тілдерінде тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен жүргізілетіні айтылды.
Бүгінде Достық үйінің есігі бейбітшілік, достық, ұлтаралық келісім, Қазақстан халқының ұлттық бірлік ұғымдарын бағалайтын жандардың барлығы үшін ашық.