Ата-аналар жиналысы өтті

15 қараша күні Көкшетау қ. №2 МЛ-де “Қоғамдық келісім” КММ Талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А. К. Мусина және “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігінің психологы Ж. М. Иманбаеваның қатысуымен “Отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында А.К. Мусина ата – аналармен отбасылық және мектептік медиация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді (оқушылар мен мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы жанжалдарды шешудегі медиацияның маңыздылығы, балалармен жанжал туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігі туралы).

 

Сонымен қатар, кәсіби медиатор А.К. Мусина ата-аналар айтқан мәселелер, сондай-ақ нақты жағдайлар мен мысалдар бойынша түсініктемелер мен практикалық кеңестер берді.