Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы М. Мырзалиннің ақмолалықтарды Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын көңілден құттықтаймын! Бұл күн Елбасымыздың басшылығымен қиын кезеңдерді артта қалдырып, Тәуелсіз Қазақстанды жұмыла күш салып бірге қалыптастырған  елімізде тұратын барша ұлттардың  мейірімділігі мен достығының жарқын символына айналды. Мерекенің басты мақсаттарының бірі – өз тарихымызды есте сақтау және мақтан тұту саналады.

Қазіргі әлемде өскелең ұрпақтың  бойында бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту ісі басым міндет болып табылады.

Алғыс айту күні – бұл еліміздің барлық азаматтарына және біздің ортақ тарихымызға құрметтеу көрсету тағы бір мүмкіндігі.

Осы көктемнің бірінші күні баршаңызға амандық, бейбітшілік пен әр отбасына жақсылық,  зор денсаулық, Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы табысты еңбек етуді тілеймін!

Құрметпен,

Облыс әкімі,

Қазақстан халқы Ақмола

ассамблеясының төрағасы   

 

 

 

М. Мырзалин