Сарыарқа мөлтек ауданында жаңа мектеп өз есігін айқара ашты.
2025 жылдың 8 қаңтарында облыс әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен Көкшетау қаласының Сарыарқа мөлтек ауданында орналасқан «Жайлы мектептің» жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Осы салтанатқа Ақмола ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұғыман Ермек Бекенұлы қатысты.
Іс-шара барысында Ермек Бекенұлы Нұғыман ақсақалдар атынан сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат» жобасы аясында көтерілген адал еңбек, адал табыс және адал азамат сынды құндылықтардың маңыздылығын атап өтті. Ол адалдықтың қоғамдағы орны, оның ел дамуы мен жастар тәрбиесіндегі рөлі туралы ой қозғап, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, адалдыққа және отансүйгіштікке шақырды.