Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді
Ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ «Қазақ тілі мен мәдениеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Киықов Мейрамбек Қиыкұлының 80 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді.
Ағамыз тоғыз жыл бойы мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстармен тынымсыз айналысып келеді.
Мейрамбек Қиықұлы – шығармашылық тұлға, осы жылдар ішінде ол өзін зерттеуші, журналист және ұлттық спорт түрлерін насихаттаушы ретінде көрсетті. Ол «Қ.И.Сәтбаев – 20 ғасырдың ұлы ғалымы», «Р.Елебаевтық елі», «Алтын сақа» және «Алтын адам» жобаларының авторы.
Оның басшылығымен аймақтық этностардың мемлекеттік тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрпын насихаттауға және дамытуға бағытталған «Көкше дидары» газеті қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Осы айтулы күні Мейрамбек Қиықұлын Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары құттықтап, ағамызға зор денсаулық, ұзақ және белсенді өмір сүруін, қоғамдық қызметте үлкен жетістіктер тіледі. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.