Студенттермен кездесу
2022 жылдың 22 қыркүйегінде «Отаным-тағдырым» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері мен Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының Агротехникалық колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов облыстық ассамблеяның негізгі қызметі мен «Қоғамдық келісім» КММ жұмысына тоқталса, «Ассамблея жастары» ҚБ кураторы Айгерім Айдарбекова облыстық ассамблеяның мақсат-міндеттерінен хабардар етіп, облыстың белсенді жастарын өз қатарына қосылуға шақырды. «Ақмола облысы поляктар қауымдастығы» ҚБ өкілі Александр Маньковский бірлестіктің қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара соңында колледж студенттері «Ассамблея жастары» жұмысына үлкен қызығушылық танытып, бірлестік мүшелерінің ҚХАА құрылымдарымен тығыз байланыста болатыны, волонтерлік қозғалысқа қатыса алатындығы, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндіктері бар екендігі туралы түсініктеме алды, соның арқасында мәдени-ағартушылық қызметте белсенділік пен көркемөнерпаздық өнерді дамытады.