Кәсіподақ комитетінің отырысы

Бүгін, 2022 жылдың 18 қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ кәсіподақ комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында бірауыздан кәсіподақ комитетінің жаңа төрайымы мен төрайымның орынбасары сайланды, сондай-ақ мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға белсенді кандидаттар іріктелді.

Кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарының орындалу қорытындысы шығарылып, мекеменің кәсіподақ ұйымына жұмысшыларды тарту жоспары жасалды, кәсіподақ жұмысын жандандыру міндеті қойылды.