Облыстық ассамблея Кеңесінің отырысы
А. ж. 30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ қабырғасында облыс әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімованың басшылығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Айна Ермекқызы аталмыш шарадағы өзінің кіріспе сөзінде ҚР Тұңғыш Президентінің елдің қалыптасуы мен дамуындағы, этностық қатыстылығына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін, мәдениетаралық және этносаралық диалогқа қолдау көрсетуде бірегей институт саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы рөлін атап өтіп, этномәдени бірлестіктердің басшыларына этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді.
Кеңес барысында Целиноград ауданының әкімі Б. А. Оспанбековтың және ҚХАА төрағасының орынбасары, «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы төрағасы Шоназаров У.Ф. есептері тыңдалды, олар сәйкесінше аудан әкімдігінің өңірдегі этносаралық келісімді нығайту бойынша атқарылған жұмысы және облыстық ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығы мен Еріктілер қозғалысы орталығының ағымдағы жылғы қызметі туралы айтып берді.
«Жаңғыру жолы» ҚХАА жастар қозғалысының жұмысы туралы оның жетекшісі, ҚХАА мүшесі Вебер Владислав айтып берді, оның сөзін «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Алена Малькова-Солопова толықтырды. «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ құрметті төрағасы М.Қ. Қиықов мемлекеттік тілде сөз сөйлеген жастарға өз ризашылығын білдіріп, олардан этномәдени бірлестіктердің қалған жастары үлгі алуы керек деді. Сөз сөйлеген облыстық ассамблея мүшелері Герихан Ибрагимович Яндиев пен Геннадий Вениминович Осиненко жастар арасында этномедиацияны дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және болдырмау жөніндегі ҚХАА қоғамдық комиссиясының жұмысын жандандыру, жастарды оқытудағы «Қоғамдық келісім» КММ рөлін арттыру, ЭМБ жастары үшін білім беру, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру үшін Достық үйінің үй-жайларын тиімді пайдалану бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Кеңес отырысын қорытындылай келе, Айна Ермекқызы этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік тілді насихаттау және жастарды қоғамдық өмірге тарту бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйелі және сапалы болу керектігін атап өтті.
Іс-шара ассамблея белсенділеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.